11:27, 12 Қаңтар 2015 | GMT +5
                                        Алматыда футбол жаттықтырушыларының халықаралық конгресі өтеді
                                            АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2015 жылдың 7-8 ақпаны аралығында Тимур Сегізбаев атындағы жасөспірімдер академиясының базасында халықаралық дәрежеде жаттықтырушылар конгресі өтеді. Бұл туралы бүгін «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады.
                                        
                                        
                                     
                                              Конгресті ұйымдастырушылар - «Қайрат» (Алматы), «Спортинг» (Лиссабон) және «Краснодар» (Ресей) футбол клубтарының өкілдері шара барысында қатысушыларды өздерінің футбол академияларының жұмыстарымен жан-жақты таныстырады. Сонымен қатар тәжірибелік мақсатта көрнекті жаттығулар өткізіледі.
«Конгреске кез-келген футбол маманы қатыса алады. Өтінімдер алдағы 1 ақпанға дейін қабылданады», делінген хабарламада.