Алматыда футболдан аула лигасы ойындарының жеңімпаздары анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алаңында 12-ші рет аула футболдан командалары арасында жарыс өтті. «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өткен лигаға 900-ге жуық ойыншылар қатысып, сынға түсті, деп хабарлайды қалалық басқарманың баспасөз қызметі.
Теңбіл доп додасына жалпы 109 команда тіркеліп, оның елу жетісі 8-14 жас аралығына дейінгі жеткіншектер болды.
Балалар арасындағы жарыс нәтижесінде «М Неймар» алтыннан алқа тақса, «Техас» футболшылары күміспен күптелді. Ал «Баженова» ойыншылары қоланы қанағат тұтты.
«Бүгінгі ойындардың барлығы біз үшін өте сәтті аяқталды. Бірінші орынды иеленіп, көздеген мақасатымызға жетіп отырмыз. Қуаныштымыз. Аладағы уақытта жеңісті күндеріміз көп болатынына сенімдімің. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіргім келеді», - деді «М Неймар» командасның ойыншысы Сұңқар Жақсылық.
15 жастан жоғары жастарда бар өнерлерін ортаға салып, жеңіс тұғырынан көрінуге тырысты. Жарыс қорытындысы бойынша екінші мәрте «Тарғап» командасы бірінші орыннан көрінсе, ал «Стрит Юнайтед» пен «Достар-17» ұжымдары екінші және үшінші орындарға жайғасты.
Айта кетер жайт, аула командалары арасындағы футболдан жарыстар Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізіледі. Бағдарламының басты мақсаты қала қонақтарымен тұрғындарың бұқаралық спортты дамытуға негізделген.