Алматыда ғалым және саяси қайраткердің өмір жолы өрнектелген кітаптың тұсаукесері болды

  АЛМАТЫ. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Бәйдібек Төлепбаев - аса көрнекті ғалым және саяси қайраткер» деп аталатын кітаптың таныстырылымы өтті,

Алматыда  ғалым және саяси қайраткердің өмір жолы өрнектелген кітаптың тұсаукесері болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол «Нұрлы әлем» баспасынан жарық көрген. Құрастырушылары - ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы Болат Көмеков пен тарих ғылымының кандидаты Кенжегүл Төлепбаева.

 Кітаптың алғашқы бөліміне   Бәйдібек Ахметұлының өмірі мен қызметі туралы   әріптестері, достары мен туыстарының естеліктері  топтастырылған. Екінші бөлімге қайраткер, ғалым жайлы мақалалар, рецензиялар мен мерейтойлық баяндамалар жинақталған.