Алматыда ғалымдар Елбасы Жолдауын талқыға салды
АЛМАТЫ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің Философия және саясаттану институты, «Қайнар» университеті және Қазақстан стратегиялық зерттеулер институмен бірлесіп Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстан – дамуға» атты биылғы Жолдауын талқылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ғалымдардың айтуынша, қазақстандық мемлекеттілікті дамыту векторын бағалау өткен онжылдықтағы дербес бірегейлік елімізде әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына байланысты болғандығын көрсетеді. Белгілі ғалымдар мен жас мамандардың бүгінгі баяндамаларында ҚР Президентінің Жолдауында көрсетілген қоғамның тұрақтылығын күшейтуге бағытталған білім алу мен кәсіби қайта даярлықты жүзеге асыруға жағдай жасау, еңбекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, ауылшаруашылық салаларын жетілдіру секілді басымдылықтар қолдау тапты. Сондай-ақ жиында Қазақстандағы ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарын жеңу жолындағы дағдарысқа қарсы негізгі шаралары, этносаралық және конфессияаралық келісім, қоғамды ортақ мүддеге жұмылдыру және адами капиталдың дамуы, еліміздің дағдарыстан кейінгі орнықты дамуы секілді мәселелер талқыға түсті.