Алматыда гараж бен дәмхана өртеніп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда гараж бен дәмхана өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: пресс-служба ДЧС Алматы

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Әуезов ауданы, Жетісу-3 ықшам ауданы, 1/б мекенжайынада гараж өртеніп, от дәмхананың шатырына қарай ұласқан.

«Өрт сөндіру бригадасы жоғары ранг бойынша жұмылдырылды. Оқиға орнына келіп жеткен төтеншеліктер гараждың өртеніп, оттың дәмхана шатырына ұласқанын анықтады»,- деп хабарлады ведомстводан.

Өртті сөндіруге 18 техника мен 18 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Қазір от шарпыған аумақ нақтыланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар