Алматыда гараждар өртеніп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда гараждар өртеніп жатыр. Шұғыл хабарламаны қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда гараждар өртеніп жатыр

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Бостандық ауданы, Радостовцев көшесі, 409-үйі маңында жалпы ауданы 50 шаршы метр болатын екі гараждың өртеніп жатқаны туралы хабарлама кешкі сағат 18:22-де келіп түскен. «Оқиға орнында жеке құрамның 28 адамы мен 5 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Астанада паркингтегі өрттен 3 адам ауруханаға түсіп, 6 көлік жанып кеткені туралы жазған едік.