Алматыда ғашықтар интернет арқылы некелесті
ТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында интернет арқылы неке рәсімін тіркеу туралы өтініш түсірген тұңғыш қазақстандық жұп некеге тұрды, деп хабарлайды ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
«Жас отау» сарайында өткен өзгеше тойдың иелерін құттықтауға және ғашықтардың қуаныштарымен бөлісуге қазақстандық эстрада, кино және телевизия жұлдыздары келді. Еске сала кетейік, Қазақстан азаматтары ғаламшардың кез келген нүктесінде тұрып, неке рәсімін тіркеу туралы өтінішті www.egov.kz үкімет порталы арқылы бере алады. Басты талап - жастарда электрондық-сандық қолтаңбаның болуы.
Аталған қызметті қолданған алғашқы 50 жұп қазақстандық жұлдыздардың құттықтаулары жазылған бейнетаспа алады.