Алматыда ғасыр жасаған екі қартқа құрмет көрсетілді

АЛМАТЫ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі Бағдат Мәнізоров қариялар күні мерекесіне орай аудандағы 100 жасаған 2 қарт ананы құттықтады.
None
None

Оның бірі Бәтен Мінісова, 1910 жылғы наурыздың 8-де дүниеге келген. Өмірге әкелген 7 баласынан 27 немере, 35 шөбере сүйіп отырған бақытты Бәтен апа тағдырына разы. Екіншісі Клавдия Чувашева - 100 жасаған қарт ана өз өмірінде ҰОС-ға қатысып, тыл еңбеккері атанған.

Ғасыр жасап отырған қарт аналарды аудан әкімі үйіне арнайы барып құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Жалпы, Алатау ауданы бойынша 90 мен 100 жас аралығында жалпы саны 70 адам тіркелген болса, оның екеуі 100 жаста. 100 жасаған тағы бір үшінші қарт жақында ғана дүние салған.

Соңғы жаңалықтар