Алматыда «Гауһартас» тұрғын үй кешені өртенді

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – - Алматының орталығында орналасқан «Гауһартас» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «Гауһартас» тұрғын үй кешені өртенді

Қалалық Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, «Гауһартас» тұрғын кешенідегі 15 қабатты үйдің 11 қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнынан тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Адамдардың іште қалып қалмауы қадағалануда. Көмекке қосымша техника келді», - деп хабарлады Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінен.


55 адам эвакуацияланды, оның ішінде 20 бала. Үйдің қаптамасын ішінара құлап жатыр.

Қазір 70 адам мен 18 техника жұмыс жасауда.