10:33, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Алматыда газ құбырының тесілуі салдарынан 563 абонент газсыз қалды
АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат - Алматыда газ құбырының тесілуі салдарынан жекеменшік тұрғын үй секторының 563 абоненті газсыз қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, қарашаның 30-ы күні кешке Әуезов ауданы Қалқаман-2 шағын ауданында кебір ағаштың құлауы салдарынан 50 мм диаметрде газ құбыры тесілген.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, бүгін желтоқсанның 1-інде бастау жоспарлануда.