Алматыда газбен жұмыс істейтін ЖЭС құрылысы осы жазда басталады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл ЖЭО-2 жаңа газ станциясын жобалау және салу бойынша мердігер айқындалатын болады. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Энерго» басшысы Серік Түйтебаев «Самұрық-Қазына» қоры қоғамдық кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Электр энергетикалық холдинг басшысының айтуынша, ашық халықаралық тендердің бірінші кезеңі барысында 6 өтінім келіп түсті. Оның ішінде екінші, қорытынды кезеңге 2 компания өтті.
«Тендердің жеңімпазы осы жылдың екінші тоқсанында анықталады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы 2023 жылдың тамызына болжанып отыр»,- деді ол.
Бұған дейін Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру үшін 324 млрд теңге жұмсалатыны туралы жазған едік.
Алматының 2-ші жылу электр орталығын толық газға көшіру жұмыстары 2026 жылы аяқталады.


Соңғы жаңалықтар