Алматыда гольфтан «ҚР Президентінің Кубогы-2015» турнирі өтеді

Бұл туралы бүгін Қазақстанның гольф федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Нұртау» гольф-клубында өтетін жарысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Украина елдерінен 120 ойыншы қатысады.
Президент Кубогында ойындар «строукплей» (соққы саны бойынша) форматында өтеді. Бұл жерде гандикап ескеріледі. Мұнда раундтар қорытындысы бойынша ең аз соққы жасаған ойыншы жеңімпаз атанады.
Турнирге қатысушылар гандикаптарға (гольфшының ойындық қабілетінің сандық көрсеткіші) сәйкес үш топқа бөлінеді.
Жеңімпаздар Best Gross дәрежесі бойынша анықталады. Оларға ұйымдастырушылар тарапынан естелік кубоктар және бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Сонымен қатар, турнирде Longest Drive (ең алыстан жасалған соққы) және NearesttothePin (ұяшыққа ең жақын соққы) көрсеткіштері бойынша да гольфшыларға арнайы сыйлықтар беріледі.