Алматыда гольфтен ҚР Президенті Кубогының жеңімпазы анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда гольфтен «ҚР Президенті Кубогы-2015» халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық гольфші Қайрат Сатылғанов Best Gross дәрежесі бойынша турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды.
None
None

Ол 18 алаңқайды 76 (+4) нәтижемен өтті. Бұл туралы турнирді ұйымдастыру комитетінен хабарлады.

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар былайша бөлінді:

«А» тобы :

1 орын - Армен Хачатрян (70)

2 орын - Бекарыс Сұлтанғазин (71)

3 орын - Айбек Тұрсынбаев (71).

« В» тобы:

1 орын - Shin Song Keun, Оңтүстік Корея (63)

2 орын - Хоснұлла Гумаров, Қазақстан (64)

3 орын - Тілеуқабыл Абдулин, Қазақстан (67)

«С» тобы (әйелдер):

1 орын - Валерия Приходько, Қазақстан (69)

2 орын - Гүлмира Абдулина, Қазақстан (73)

3 орын - Елена Кузнецова, Қазақстан (77).

Оларға ұйымдастырушылар тарапынан естелік кубоктар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«Нұртау» гольф-клубында өткен жарысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Оңтүстік Корея елдерінен 120 ойыншы қатысты.

Осымен 16-шы рет ұйымдастырылған Президент Кубогында ойындар «строукплей» (соққы саны бойынша) форматында өтті. Бұл жерде гандикап ескерілді. Мұнда раундтар қорытындысы бойынша ең аз соққы жасаған ойыншы жеңімпаз атанды.

Турнирге қатысушылар гандикаптарға (гольфшының ойындық қабілетінің сандық көрсеткіші) сәйкес үш топқа бөлінді:

«А» - HCP 0-14 (HCP- Handicap сөзінің қысқартылған түрі); «В» - HCP 15-28 и «С» -HCP women 0-36.

Айта кетелік, турнирді Қазақстанның гольф федерациясы мен «Нұртау» гольф-клубы ұйымдастырды. «Lotus Food Company LLC» компаниясы турнирдің басты демеушісі болса, «RG Brands» компаниясы турнирдің ресми серіктесі атанды.

Соңғы жаңалықтар