Алматыда «GOLD DISCO FESTIVAL» өтеді

АЛМАТЫ. Шілденің 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда шілденің 31-і күні «Goold disko festival» өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда «GOLD DISCO FESTIVAL» өтеді

Бұл шара Қазақстандағы ең ірі орталық саналатын «APPORT» сауда ойын-сауық моллында өтеді. Оны ұйымдастырып отырған - «РНТ Partners» ЖШС-і. Диско-фестивалге - C. C. Catch, LondonBeat, Ottawan, Bad Boys Blue, Eruption, Юра Шатунов сияқты орындаушылар мен «Diamond» шоу-балеті қатысады деп жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылардың болжамына қарағанда оған 15 мыңдай адам жиналмақ.