Алматыда «Golden Drum» еуропалық жарнама фестивалі өтеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ - Ертең Алматыда «Golden Drum» еуропалық жарнама фестивалі басталады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында шараны ұйымдастырушы «GrandMaster» компаниясының өкілі Станислав Шаталов мәлім етті,

Алматыда «Golden Drum» еуропалық жарнама фестивалі өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, аталмыш фестиваль «Creative» жобасы аясында өткізіледі. «Бұл жобаның мақсаты - Қазақстанда жарнама, маркетинг, PR қызметінің сапалы нарығын дамытуға мүдделі компаниялар мен мамандар тобын дайындау. Сондай-ақ үздік креативтік жұмыстар мен графикалық дизайн эталонын қалыптастыру, дизайнерлерге көмек көрсету, оларға тәжірибе алмасу үшін ортақ алаң құру», - дейді Станислав Шаталов.Жарнама фестивалі аясында 2007-2008 жылдардағы ең үздік бейнероликтер көрсетіліп, үздік плакаттар көрмесі, бренд жасау бойынша шеберлік сыныптары, нейминг бойынша семинар өткізілмек. Бұл шара сәуірдің 26-сына дейін жалғасады. «Golden Drum» еуропалық жарнама фестивалі алғаш рет 15 жыл бұрын Словенияның Портороже қаласында болған. Бүгінде ол әлемдік фестивальға айналып, Триеста, Владивосток, Хельсинки, Тель-Авив қалаларында өткізіліп келеді.