Алматыда Golden Tulip Hospitality Group компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы мейманханасы ашылды

strong> Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - VII Қысқы Азия ойындары қарсаңында кеше Алматыда халықаралық деңгейдегі жаңа мейманхана ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Royal Tulip Almaty бүкіләлемдік Golden Tulip Hospitality Group желісінде ашылған люкс сыныбындағы мейманхана. Қала әкімі Ахметжан Есімов 2011 жылғы қысқы Азия ойындары қарсаңында ашылған халықаралық деңгейдегі жаңа мейманхананың маңызын жоғары бағалады. Оның айтуынша, соңғы 2 жылда қалада мейманханаға деген тапшылық айтарлықтай қысқарды. Жалпы люкс сыныбындағы бұл нысан Royal Tulip Luxury Hotels желісінде ашылған әлемдегі төртінші, ал Орталық Азия аймағындағы алғашқы мейманхана. Ол келушілерге 156 жай жатын және 10 люкс ұсына алады.

Соңғы жаңалықтар