12:36, 08 Мамыр 2012 | GMT +5
Алматыда грек-рим күресінен Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін өткен республикалық турнир аяқталды
АЛМАТЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда 5-6 мамыр күндері «Достық» спорт кешенінде грек-рим күресінен КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР еңбек сіңірнген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін 1995-1997 жылы туған кадеттер арасында республикалық турнир болды.

Онда Алматы облысынан Төре Нұрым (50 кг) мен Рахман Шахарбек (63 кг), Қарағанды облысынан Хусеин Акиев (69 кг) пен Хусейн Муцольгов (76 кг), Шығыс Қазақстан облысынан Ернар Фидахметов (42 кг), Павлодар облысынан Вячеслав Фатеев (58 кг), Оңтүстік Қазақстан облысынан Бақдәулет Еспенбетов (58 кг), Солтүстік Қазақстан облысынан Мират Қуандық, Қостанай облысынан Аян Біржанов (100 кг) жеңімпаз атанды. Оған биыл 14 облыстан, республикалық маңызы бар Астана, Алматы қалаларынан және «Дәулет», «Дәулет-Жаркент», «Шаңырақ» сияқты спорт интернаттарынан 260 балуан қатысқан болатын.