Алматыда грек-рим күресінен Шәміл Серіковті еске түсіруге арналған республикалық ашық турнир өтуде

АЛМАТЫ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда грек-рим күресінен 1993-1995 жылғы жастар арасында Олимпиада чемпионы, 2 дүркін  Әлем  чемпионы,  КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, «Құрмет  белгісі» орденінің иегері  Шәміл Серіковті еске түсіруге арналған республикалық турнир өтіп жатыр.
None
None

Жарыстың алғашқы күні 50,60, 74 және 96 келідегі балуандар белдесті. Ал бүгін 50, 66, 84 және 120 келідегі спортшылар қөз бағын сынайды.

1956 жылы 5 наурызда  Алматыда дүниеге келген Шәміл Керімұлы 1989 жылы 22 қараша күні туған қаласында дүние салған болатын. 6 жастан бастап грек-рим күресімен айналысқан ол Аянбек Алдабергеновтен тәлім алған 6 жылдың ішінде 4 рет Қазақстан чемпионы атанып, Бүкілодақтық оқушылар спартакиадасының жеңімпазы атанады.  Одан кейін бапкерінің басқа қалаға ауысуына байланысты Александр Жарковтың қол астына ауысқан Шәміл 1 жылдан кейін Иван Поддубный мемориалында Әлем және Олимпиада чемпионы Виталий Константиновты жеңіп, спорт сүйер қауымды елең еткізеді. Ал 1978 жылы   КСРО чемпионатында жеңімпаз атанып, Мексиканың Мехико қаласында болған Әлем чемпионатында да қарсылас шақ келтірмейді.  Одан кейін  1979 жылы АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өткен Әлем чемпионатында 2 дүркін  чемпион атанып, 1980 жылы Мәскеу Олипиадасында топ жарады.

Соңғы жаңалықтар