Алматыда гүл өсіруші мамандардың арасында өтетін байқау жеңімпаздары анықталды

Ы. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда «Ертегі гүлзар - 2009» атты гүл өсіруші мамандардың арасында өтетін  қалалық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті,

Алматыда гүл өсіруші мамандардың арасында өтетін   байқау жеңімпаздары анықталды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Галантус» клубы мен қаламыздағы ең ірі «Орман ертегісі» питомнигінің  ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі байқау биыл 10-шы рет өткізіліп отыр. Ландшафтық дизайн бойынша сараланатын байқауға 11-ден аса дизайнерлер қатысқан. 37 адамнан тұратын қазылар алқасы «Ең үздік ботаникалық гүлзар», «Бақшадағы көлшік», «Тасты қолдана отырып жасаған гүлзар» аталымдары бойынша жеңімпаздарды анықтады. Жүлделі орындарды «Галантус» клубының гүл баптаушы дизайнерлері иеленді.  Марапаттау рәсіміне гүл өсірумен қатар, ландшафтық дизайнмен айналысатын 70-тен аса компаниялар мен клубтар, фирмалар мен әуесқой дизайнерлер қатысты.

«Байқаудың мақсаты еліміздегі гүл өсіру шаруашылығын дамыту, жас дизайнерлерді қатарымызға тарту, шеберліктерін шыңдау болып табылады. Мен осындай шаралар көп, әрі жиі өткізіліп тұрса деймін. Бүгінгі кешке әдемілікті бағалайтын, гүлдерге деген махаббаты ортақ  гүл өсіру шаруашылығымен айналысатын мамандар жиналып отыр. Бәріміз бас қосып, қауымдастық құруды жоспарлап отырмыз. Бірігіп қаламызды көгалдандыруға, ажарлы қала жасауға ат салысқымыз келеді», деді «Галантус» клубының төрайымы  Наталья Ваганова.