Алматыда «Гүлдер. Ландшафт және үй іргесіндегі шаруашылық-2010» атты көрме ашылды

/strong>Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен дәстүрлі «Гүлдер. Ландшафт. Үй іргесіндегі шаруашылық - 2010» атты халықаралық гүлдер көрмесі ашылды,

Алматыда «Гүлдер. Ландшафт және үй іргесіндегі шаруашылық-2010» атты көрме ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«КазЭкспоСервис» компаниясының ұйымдастыруымен 13-ші рет ашылған көрмеге бау-бақша орталықтары, ландшафт дизайнымен, көгалдандыру жұмыстарымен айналысатын, гүл саласын терең игерген Франция, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Қазақстан, Эквадор, Бразилия және Өзбекстан елдерінің компаниялары, химиялық қосындылар мен тыңайтқыштар шығаратын, бақшаға қажетті құрал-жабдықтарды әкелетін, үйге қажетті тауарларды сататын, көше жарықтарын қоюмен айналысатын 90-нан аса компаниялар қатысуда.

Көрмені Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Мұрат Батырбаев ашып, қала әкімі Ахметжан Есімовтың құттықтауын оқыды. Онда: «Біздің қала шын мәнінде Республика қалаларының ішіндегі жасыл қалалардың бірі болып саналады, бірақ біз жетістіктерді қанағат тұтпауымыз керек. Қазіргі заманғы технологияларды, ландшафтық шешімдерді енгізу, жасыл желектердің көлемін ұлғайту, жаңадан саябақтар мен бақтар ашу - бұлар маңызды стратегиялық бағыттар. Бұл саладағы дизайнерлер, экологтар, гүл өсірушілер, бау-бақша мамандарын біріктіріп қана қоймай, өзара тиімді әріптестікке шақырып, қаламыздың бұдан әрі гүлденуіне септігін тигізеді деген ойдамын. Көрмені ұйымдастырушыларға, қатысушыларға және көрмеге келушілерге күш-қуат, төзімділік, еңбекқорлық және сәттілік тілеймін!», делінген.

Көрме бағдарламасы аясында «Наурыз» тақырыбына арналған балалар суреттерінің байқауы және «Көктемгі симфония» атты бөлме гүлдерінен жасалынған композиция байқауы өтеді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Көрме сәуірдің 19-на дейін дейін жалғасады.