Алматыда ғылым мен техника саласын және ғылымды ұйымдастыруды басқару құрылымындағы өзгерістер талқылануда

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазақстанда ғылымды басқару саласында   құрылымдық қайта құру қажеттілігі  туындап отыр. Бұл туралы бүгін өткен арнайы баспасөз мәслихатында ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Марат Молдахметов мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша,  2009 жылғы қыркүйектің 4-індегі Қазақстан ғылымын және ғылым жүйесін дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі барысында және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 75 жылдық мерейтойында оқыған дәрісі кезінде Елбасы мемлекет экономикасын әртараптандыруда ғылымның рөлін арттыру және ғылым мен экономиканың тығыз ықпалдасуының қажеттілігі туралы міндеттер қойды.

«Елімізде ғылым мен техника саласын мемлекеттік басқарудың тұтас, нақты үйлестірілген жүйесі құрылмаған. Оның басты себептерінің бірі - Қазақстанда орын алып отырған ғылымды «көлбеу» басқару схемасы. Бұл басқару схемасында кез келген министрлік пен ведомствода негізінде басқа ғылыми ұйымдармен өзара әрекеттесуге түспейтін «жеке» институттар құрылып, жұмыс жасайды және әрбір ведомство өзінің жеке «ғылыми» саясатын жүргізеді», деді  Марат Молдахметов.

Қазақстандағы ғылым мен экономика байланысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстардың арасында Үкімет құрылымында ғылым мен жаңа технологиялар бойынша жеке мемлекеттік органды құру туралы пункт бар.          «Министрлік немесе агенттік деңгейінде құрылуы тиіс бұл орган мемлекеттің ғылыми және технологиялық дамуын басқарудың «тік» жүйесінің негізіне айналуы тиіс. Ол басқа салалас меморгандарға қатысты сәйкес құқықтар мен өкілеттіліктерге ие болуы және мемлекеттің технологиялық дамуының орта және ұзақ мерзімдік басым бағыттарын анықтап, ғылыми идеялардың тәжірибеде тиімді жүзеге асыру бағдарламасын жасап шығаруы тиіс», деп санайды  Марат Молдахметов.

Химия ғылымдарының докторы, ҚР Ғылым одағының атқарушы директоры Ринат Ысқақовтың айтуынша, мұндай органды баяғыдан құру керек еді.

«Бүгінгі жағдайда ғылымдағы жылдар бойы жалғасып келе жатқан дағдарыстық жағдайдан шығудың жалғыз дұрыс шешімі ғылымға бөлінетін бюджет қаржысын басқарушы және басты мемлекеттік тапсырыс беруші ретінде ғылым мен жаңа технологиялар агенттігін құру туралы шешім болып табылады деп есептейміз», деді Ринат Ысқақов.

Соңғы жаңалықтар