Алматыда «Халық қаһарманы» Бақытжан Ертаевқа құрмет көрсетілді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігі штаб басшылары комитеті төрағасының орынбасары, «Халық қаһарманы», генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевқа құрмет көрсету рәсімі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Салтанатты жиынға әскери басшылар, Құрлық әскерлері институтының профессорлық-оқытушылар құрамы, курсанттары қатысты. ҚР Қарулы Күштерінің құрылуы мен даму тарихы генерал-лейтенант Б. Ертаевтың есімімен тығыз байланысты. Ауғанстан соғысы ардагерлер ұйымдары қауымдастығын басқара отырып, Б. Ертаев жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Бұған дейін хабарланғандай, Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы оған ең мәртебелі мемлекеттік награданы ? «Халық қаһарманы» атағын берген болатын.
Соңғы жаңалықтар