Алматыда халық санағына тартылған қызметкерлер қоғамдық көлікте тегін жүреді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласы бойынша Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков 2021 жылғы санақ науқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Санақ парақтарына енгізілген сұрақтар тізбесі өткен санаққа қарағанда кеңейтіліп, 67 негізгі сұрақ пен 20 жанама сұрақтан тұрады. Сұрақтар Еуропалық статисттердің ұсыныстарына сәйкес жасалды», - деді ол.

Оның айтуынша, халық санағын өткізуге білім деңгейіне қарамастан Қазақстан Республикасының кез келген ниет білдірген азаматы қатыса алады.

Статистика департаменті санақ қызметкерлерін толық емес жұмысқа қабылдауға дайын.

Ниет білдірушілер Абай көшесі, 125 мекенжайында кадр қызметіне жүгіне алады.

«Әзірге біз бастапқы санақ қызметкерлерін таңдадық. Қазан айында бізге 2 мыңнан астам интервьюер қажет болады, сондай-ақ бізге резервшілер қажет. Барлық тартылған санақ қызметкерлері Алматы қаласының қоғамдық көлігінде тегін жол жүреді», - деді Айдар Әбілдабеков.

Алматы қаласы бойынша Статистика департаменті мегаполис тұрғындарын санақ науқанына түсіністікпен қарауға шақырды.

Ыңғайлы болу үшін санақ парақтарын онлайн режимде толтыруға болады.


Соңғы жаңалықтар