Алматыда Халықаралық адам саудасы құрбандарын еске алу және онымен күрес күніне арналған әлеуметтік ация өтеді
АЛМАТЫ. 17 тамыз. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 20 тамыз күні «Family Park» демалыс орнында Халықаралық адам саудасы құрбандарын еске алу және онымен күрес күніне арналған «Біздің балаларды қорғаймыз» атты әлеуметтік ация өтеді.
Аталмыш шараның ұйымдастырушылары - Қазақстандағы Дағдарыс орталығы одағы және Алматы қаласының балалар құқығын қорғау департаменті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның мақсаты -қоғам назарын адам саудасы мәселесіне аударту, қала тұрғындарын бұл мәселемен ақпараттандыру, адам саудасына жол бермеу болып табылады.
Акция барысында «Таңсәрі» шоу тобы өнер көрсетеді. Шараға қатысушылар адам саудасы құрбандарын еске алу мақсатында аспанға әуе шарларын ұшырады. Барлық қатысушыларға ақпараттық материалдар, 11616 жедел телефон нөмірі жазылған қаламдар мен күнтізбелер таратылады.