Алматыда халықаралық ақпарат агенттіктері туралы тренинг өтеді
АЛМАТЫ. 1 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 13-14 қазанда "Халықаралық ақпарат агенттіктері үшін мақаланы қалай жазу керек. Сыналған ақпараттармен оқырман назарын аудару стратегиясы" деген тақырыпта тренинг болады.
Оны Соғыс және бейбітшілік репортаждары институтының (IWPR) Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырып отыр. Тренинг журналистиканың халықаралық стандарттары туралы жалпы түсінік беруге және қазіргі таңда әлемнің өзге елдеріндегі журналистермен ынтымақтастықта жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысынан мағлұмат беруге арналған. Оның жұмысы қазақстандық және шетелдік журналистердің тәжірибелік мысалдарын қарастыруға құрылған. Оған Соғыс және бейбітшілік репортаждары институтының Қырғызстандағы аймақтық редакторы Дина Тоқбаева мен Қазақстандағы редакторы Алмаз Рыслиев жетекшілік етпек.