Алматыда халықаралық Almaty Challenger турнирі өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1-6 қазан аралығында ATP Challenger сериясының ірі халықаралық турнирі өтеді, спорт бәсекесінің жүлде қоры - 50 мың доллар, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.
2 қазан күні сағат 09:30-да «Эйс» теннис орталығында халықаралық жарыстың ашылу салтанаты өтеді.
Сондай-ақ, 2 қазан күні сағат 10:00-де Ұлттық құраманың қатысуымен балаларға арналған шеберлік сабағы ұйымдастырылады.
Айта кетер жайт, Almay Challenger турниріне 20 елден 100-ге жуық теннисші қатысады. Олардың ішінде әлем рейтингісінің ТОП-жүздігіне кіретін теннисшілер де бар. Қазақстан спортшыларының арасынан Александр Бублик, Александр Недовесов, Тимур Хабибуллин, Сағадат Аяп және Денис Евсеев қатысады.