Алматыда Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті

/strong>Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сүйікті есімдерді қайталаңыз» атты мерекелік концерт өтті,

Алматыда Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мерекелік шараға Алматы қаласындағы әр салада қызмет етіп жүрген әйелдер қауымының өкілдері шақырылған. Жиынды қала әкімі Ахметжан Есімов құттықтады. «Көктем мезгілінің осындай айтулы мерекемен басталуы бүкіл әлем мойындап, өзгерместей қалыптасқан дәстүрге айналды. Сіздер өмірге нәр беріп, отбасының бақ-берекесі мен жылуын сақтап, ұрпақты-ұрпаққа жалғастыратын ардақты да, абзал жандарсыңдар. Бүгін тәуелсіз еліміздің өркен жайып, күллі әлемді өзіне қарата бастаған Қазақстанның беделді қайраткерлерінің бір қатары әйелдер қауымы. Сіздерге өркендеуіміз бен өсу жолындағы қосқан үлестеріңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін», деді А.Есімов өз сөзінде

Концерт бағдарламасында әншілер әйелдерді құттықтап, әйел есімдері аталатын әндерді орындады.

Аталмыш мерекелік ән кешінде Нұрлан Албан, Ақжол Мейірбеков, Айгүл Бабаева, «Үркер», «Каспий» топтары ән салды.

«Жалпы, Ана деген ұғымның аты да, заты да артық екені барлық жанға белгілі. Біздің қоғам аналарымызды ардақтап, аялап, оған арнайы осындай керемет шара ұйымдастырып, аналарымыздың көңілін тауып, осы халықаралық мерекені өз дәрежесінде өткізіп жатқандығы аналарға деген құрмет деп білемін», дейді филология ғылымдарының кандидаты, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысы төрағасының орынбасары Асылы Осман.