Алматыда Халықаралық бизнес академиясы ғимаратына «жарылғыш зат» қойылды деген суыт хабар жұртты дүрліктірді
ТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Сенбі, 15 қазан күні құтқару қызметінің кезекші бөліміне Халықаралық бизнес акдемиясының ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар келіп түсті.
Төтенше жағдайды жоюға шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД-ның 5 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Арнайы іс-шараларды жүргізу барысында қауіпті зат табылмады.