Алматыда Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай жастардың шеруі өтті

      АЛМАТЫ. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат /Жанар Шағалақова/ - Бүгін Алматыда  «Біз есірткіге қарсымыз! Салауатты өмір салты үшін!» деп аталатын ұранмен Халықаралық есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналған жастардың қалалық шеруі өтті,

Алматыда Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай  жастардың шеруі өтті

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Бұл іс-шара жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастардың  есірткіге қарсы ой-пікірін бөлісу мақсатында, қалалық әкімшілік тарапынан ұйымдастырылды. Жастар шеруіне 14 пен 19 жас аралығындағы жалпы саны 1500-ге жуық қала жастары мен жасөспірімдер  қатысты.

 Аталмыш шеруге қатысушылар  қаланың негізгі көшелері арқылы Орталық мәдениет және демалыс саябағының концерт алаңқайына бет алды. Онда   Демалыс орталықтары арасында өткен V қалалық спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі болады.

"Бұл жерде ұлттық спорт түрлерінен жеңіске жеткендерді және  спартакиаданың жақсы өтуіне белсене ат салысқандар мен басқа да қолдау көрсеткендер марапатталады. Сондай-ақ  Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен  гала-концерт өтеді", дейді Алматы қалалық Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының маманы Венера Нұржанова.