Алматыда Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы ашылды
Шараға аймақтағы және әлем елдеріндегі орталық банктердің, халықаралық қаржы ұйымдары мен бірқатар дипломатиялық миссиялардың басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Алматыдағы өңірлік орталық ХВҚ-ның әлемдегі әлеуетін дамытатын 17-орталыққа айналды. Орталық төңіректегі тоғыз елде: Арменияда, Әзербайжан мен Грузияда, Қазақстанда, Қырғыз Республикасы мен Моңғолияда, Тәжікстанда және Түрікменстан мен Өзбекстанда ХВҚ қызметін үйлестіреді.
Орталықтың қызметі құзыретті жетілдіруге, тәжірибе алмасуға, мемлекеттік басқару, бюджет пен ақша-кредит саясаты, қаржы секторын дамыту саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді зерделеуге және қолдануға бағытталады.
ХВҚ өңірлік орталығын Алматыда ашу Қазақстан мен ХВҚ арасындағы көпжылдық ынтымақтастықтың жемісі саналады.