Алматыда Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аяқталды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Студенттер сарайында V Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аяқталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Физика, математика және информатика пәндері бойынша өткен халықаралық сайыс Республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Республикалық О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының ұйымдастыруымен өткізілген. Әлемнің 16 елінен 42 топты құраған 305 оқушы қатысқан сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Мәскеу мемлекеттік университеті мамандандырылған математика мектебінің құрамасы жеңіп алды. 1-ші орынды Беларустың БГУ лицейінің тобы, 2-ші орынды украиналық Т. Шевченко атындағы лицей оқушылары, 3-ші орынды павлодарлық № 8 мектеп-лицейі мен Индонезиядан келген SMAK 1 BPK PENABUR мектебі мен румыниялық TUDOR VIANU NATIONAL high shool of computer science мектебінің оқушылары алды. Жекелей бағалау бойынша 19 оқушы алтын, 34 қатысушы күміс, 33 қатысушы қола медальға ие болды. Ал отандастарымыз сарапқа салынған 86 медальдің 32-сіне иеленді. Оның 5-і алтын, 8-і күміс, 17-і қола медаль. Жеңімпаздарды қазылар алқасының тең төрағалары ҚР ҰҒА академигі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Бақытжан Жұмағұлов, ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев бастаған әлемнің 8 елінен жиналған ғалымдар анықтаған. Шара қорытындысы бойынша ең үздік 10 оқушыға Қазақ-Британ техникалық университетінің білім гранты тапсырылды. «Жәутіков олимпиадасы» Кеңес одағы кезіндегі бүкілодақтық олимпиаданың жалғасы ретінде өткізіліп келеді. Олимпиаданың жыл сайын беделі артып келе жатқандығы қуантады» дейді Республикалық О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының директоры, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қайрош Мәкішев.
Соңғы жаңалықтар