Алматыда Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күні аталып өтілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күні 1958 жылы Халықаралық журналистер ұйымының ІV конгресінде қабыданды. Бұл күн 1943 жылдың 8-ші қыркүйегінде фашистердің қолынан қаза тапқан чех журналисі Юлиус Фучикке арналып тағайындалған еді.
«Бұл атаулы күннің Қазақстанда аталып өтіп жатқанына көп уақыт болған жоқ. Журналистер қауымы қажырлы еңбегімен қай уақытта да елді ақпаратпен қамтамасыз етіп келеді. Біздің бүгінгі басқосуымыз осы қайырлы іс жолында құрбан болғандарға арналады», деді «Әділ сөз» тәуелсіз сарапшылар қоры қоғамдық ұйымының төрайымы Ғалия Әженова.
Жиын барысында Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев сөз сөйледі.
Баспасөз мәслихатына қатысушылар әр түрлі жағдайларда қаза болған журналистерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.