Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді

Енді қаладағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды күнделікті сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайды.

«Осыған байланысты Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қызмет алу үшін кезекті сағат 15.30-ға дейін броньдау қажет. Одан кейінгі бронь жарамсыз деп саналады», - деді «Азаматтарға арналған Үкімет» АҚ Алматы бөлімшесінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, кеше қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин базарлар, ХҚКО жұмысының уақыты өзгеретінін айтқан болатын.