Алматыда «Халықтық ІРО бағдарламасына» қатысуға қызығушылық білдірген тұрғындар саны соңғы күндері күрт өсе бастады

АЛМАТЫ. 2 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда соңғы күндері «Халықтық ІРО бағдарламасының» қатысу үшін трансфер-агент саналатын «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелеріне  өтініш білдірушілер саны күрт өсуде.

Алматыда «Халықтық ІРО бағдарламасына» қатысуға қызығушылық білдірген тұрғындар саны соңғы күндері күрт өсе бастады

Бұл туралы бүгін Алматыдағы «Ақпараттық-ресурс» орталығында өткен «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауында айтылды.

«Халықтық ІРО бағдарламасы» ел тұрғындарының бірлесіп  ірі ұлттық компаниялардың иеленушісі болуға, олардың дамуына көмектесуге және пайдасының бір бөлігін алуға жасалған бірегей мүмкіндік. Отандық қор нарығы тарихындағы ең ірі жоба бойынша  Қазақстанның ең ірі 10 компаниясының акциялары сатылғалы отыр. Оның артықшылығы дивиденттер және акцияларға бағалардың өсуі арқылы табыстың 2 түрінің болуында», - дейді «Нұр Отан» ХДП-ның Алмалы аудандық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Александр Братенков. Оның айтуынша,  алғашқы кезекте тек Қазақстан азаматтары, одан кейін зейнетақы қорлары, ал өзге инвесторлар тек екінші нарықта ғана қатысады. А.Братенковтың сөзіне қарағанда, «Халықтық ІРО бағдарламасында» ең бірінші боп 6 қарашадан бастап қарамағында Қазақстанның барлық газ құбырлары жатқан «ҚазТрансГаз» АҚ акцияларын саудаға шығарғалы отыр. Сондықтан біз бұл шарадағы    басты мақсатымыз - «Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыру бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Онда  жұртты толғандырған сұрақтар аясында құқықтық көмек көрсету, олардың қаржылай-инвестициялық сауаттылық деңгейін көтеру, құнды қағаздар нарығындағы операцияларға қызығушылығын ояту, сондай-ақ атқарушы органдар өкілдерінің тұрғындарға қатысты мәселерді шешудегі бағытын айқындау. Өйткені қазір әлемде халықтың 20 пайызы жұмыс жасамаса да, қор нарығы операцияларына қатысу арқылы құнды қағаздардан түскен табыс арқылы бақуатты тіршілік кешуде.