17:07, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алматыда Holіday Inn қонақ үйлер жүйесі ашылды
АЛМАТЫ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен халықаралық Holіday Inn желісіне қарасты орта деңгейдегі тұңғыш қонақ үй ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы әкімінің айтуынша, бүгінде қалада 4500 орындық 93 қонақ үй бар. Алайда, қалаға әлі де кемінде орташа деңгейдегі 5 қонақ үй қажет. «Алматы қаржы, туристік орталық, сондай-ақ 2011 жылы өтетін Азия ойындарына да қызу дайындық жүріп жатыр. Осы ретте бізге бес жұлдызды қонақ үйлерден тұру бағасы 30 пайызға арзан осындай нысандар өте қажет. Бұл қонақ үй туристер мен орташа табысты адамдар үшін өте қолайлы», деді қала әкімі.230 орынға арналған жаңа қонақ үйде бал залы мен 6 мәжіліс залы бар. Сондай-ақ желісіз интернет пен кір жуу, тазалау орындары да қарастырылған. Holіday Inn әлемдік ең ірі IHG қонақ үйлер желісінің мүшесі болып табылады.