Алматыда "Хош келдің әз-Наурыз!" атты мерекелік концерт өтеді
АЛМАТЫ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 24 наурыз күні "Хош келдің әз-Наурыз!" атты мерекелік концерт өтеді.
Концертте аталмыш театрдың балет ұжымы, белгілі солистері, хоры, симфониялық оркестрі өнер көрсететін болады. Концерттің режиссері - Ғафиз Есімов.