Алматыда «HR-®Evolution: әрекет уақыты!» деген атпен V-ші халықаралық конгресс өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «HR-®Evolution: әрекет уақыты!» деген атпен V-ші халықаралық конгресс өз жұмысын бастады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ренессанс» агенттігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан конгреске 150-ден аса қазақстандық және 30 халықаралық HR-мамандары, отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы менеджерлері қатысуда. Конференция екі күнге созылады.

Осымен 5-ші рет өтіп отырған конгрестің пленарлық жиыны интерактивті формада өтті. Белсенді пікір-талас көрсеткен қатысушылар HR саласының бүгінгі жағдайын талқылап, пікірлерімен бөлісті.

Жиын барысында өтпелі кезеңдегі кадрлерді басқару стратегиясындағы желілік менеджменттің рөлі, әр кезеңде жұмыс істеген қызметкерлердің және HR-мамандардың тоғысуы, дағдарыс кезеңіндегі HR-қызметтің рөлі, сонымен қатар, банктердің қайта құрылу кезеңі деген тақырыптар көтерілді.

"Қызметкерлерді басқару бойынша мамандардың жұмысын бағбандардың жұмысымен салыстыруға болады. Өйткені, компания - ол бау-бақша сияқты, егер бұтақтарын уақытында кеспесең, ол өсіп кетіп, жеміс бермейтін болады. HR -ұйымның тегіс қамтитын функциясы, себебі адамдарсыз ештеңе істей алмайсың", деді «Бизнесград» іскерлікті дамыту орталығының Бас директоры Ирен Бетанова.

Конгрестің екінші күні мәдениеттің халықаралық менеджментке әсері, дағдарыс кезінде компанияның дамуы, қызметкер жұмысын тиімді басқару, тиімді басқарудың негізгі жүйесі және бұдан басқа да тақырыптар бойынша Ресей және Қазақстан HR саласының алдыңғы қатарлы мамандары шеберлік- дәрістер өткізеді.

Соңғы жаңалықтар