Алматыда ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің Швейцария кіші тобының отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банктің Швейцария кіші тобының отырысы өтті.
None
None

Іс-шараға шамамен 60 адам қатысты, олардың ішінде орталық банктердің басшылары, Швейцария кіші тобына қатысушы мемлекеттердің қаржы және экономика министрлері, ХВҚ және Дүниежүзілік Банктің өкілдері бар.

ҚР ҰБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыс барысында тараптар макроэкономика, фискалдық реттеу және ақша-кредит саясатын жүргізудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, Кіші топтың ағымдағы құрылымдық реформаларын талқылады.

Отырыс барысында Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі өзекті сын-қатерлерге арналған семинар ұйымдастырылды.

ҚР Ұлттық банкінің Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банктің Бельгия кіші тобынан Швейцария кіші тобына ауысуы жөніндегі жұмысты жүргізгенін еске сала кетейік. Қазақстанның Швейцария кіші тобына кіруінің алғашқы қадамдарының бірі 2010 жылғы қыркүйекте Астанада ҚР Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясы арасында Бреттон-Вудс мекемелеріндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюы болды. Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банктің Швейцария кіші тобына кіруінің соңғы кезеңі Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банктің кіші тобындағы Атқарушы директор ретінде Швейцария конфедерациясының өкілін таңдауға дауыс беру болды.

 Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банктің Швейцария кіші тобының құрамына Швейцария,  Польша, Қазақстан, Сербия, Әзербайжан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан кіреді.

Соңғы жаңалықтар