Алматыда І Microsoft DreamSpark конференциясы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Қазақстанда тұңғыш рет Microsoft DreamSpark конференциясы өтіп жатыр. Оны Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті мен Майкрософт Қазақстан және Нокиа компаниялары бірлесіп ұйымдастырды.
None
None

Конфернция кезінде ақпараттық технология саласында білім алып жатқан студенттер мен әзірлеушілер жаңа технологиялармен танысып, ұсыныстар әзірлеу үдерісінде қолданумен танысуда. Сондай-ақ олар тәжірибелік зертханалық жұмыстарды орындап көруге мүмкіндік алып отыр. Бұл Қазақстанның жетекші университеттерінің студенттері арасында өзара пікір алмасып, Майкрософт Қазақстан мен Нокиа компанияларының мамандарымен сұхбаттасатын бірегей алаң болып отыр. Конференция аясында сонымен қатар, ақтық сайысы Австралияда өтетін «Imagine Cup 2012» студентік халықаралық технологиялар жарысына ұсынылатын үздік идеялар жобаларының байқауы да өткізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар