Алматыда ІІ Аймақтық медиа форум болады

АЛМАТЫ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 21-22 қараша күндері «БАҚ болашағы - журналистер қолында!» деген тақырыппен ІІ Аймақтық медиа форум болады.
None
None

Оны Сорос-Қазақстан қоры мен Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының қолдауымен «Республика» газетінің редакциясы ұйымдастырып отыр. Шараның басты мақсаты - қазақстандық БАҚ-тың көкейкесті мәселелерін бейресми жағдайда талқылап, оны шешуге ұсыныстар жасау. Бағдарламада жаңа медиажобалардың таныстырылымы, трениннгтер мен өзекті тақырыптар бойынша пікірсайыстар мен қазақ тілді журналистика жөнінде жеке сессия жоспарланып отыр. Форум кезінде - оқырмандар мен сарапшылар қазақстандық БАҚ-тың болашағын қалай көзге елестететіні, сандық пішіннің телевизия үшін оң мен теріс жақтары, қазақтілді басылымдардың таралымы, аймақтық газеттердің ғаламтор желісіне шығуы және тағы басқа да мәселелер талқылауға түспек. Оған Қырғызстан, Ресей және Украина елдерінің медиа сарапшылары қонақ ретінде шақырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар