Алматыда ІІ «СтрахOFF!» Қазақстан кинофестивалі болып өтті

АЛМАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда өткен демалыс күні «Цезарь» кинотеатрында сақтандыру мен тәуекелдерді басқаруға арналған Қазақстандағы бірегей іс-шара - «СтрахOFF!» ІІ Қазақстан кинофестивалі болып өтті.
None
None

Аталмыш шараның ұйымдастырушылары - «Еуразия» сақтандыру компаниясы және Олег Борецкийдің киноклубы.

Тәуекелдерді басқару бүгінгі таңда өзекті екеніне қарамастан, ол әлі де тұтынушылардың көпшілігі үшін нақты жұмыс істейтін құрал емес, жаңадан енген термин ретінде қалып отыр. Сондықтан да Кинофестиваль ұйымдастырушылары сақтандыру мен тәуекелдерді басқару ерекшелігін КИНО арқылы қызықты етіп түсіндіріп, кәсіби таныстыру бастамасын өз қолына алып отыр.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, жыл өткен сайын танымалдылығын жоғалтпайтын кино, сақтандыру және тәуекелдерді басқару сияқты күрделі, алайда бүгінгі күннің маңызды мәселесіне тұтынушылардың назарын аударта алады.

Фестиваль аясында кең тараған сақтандыру жағдайларын бейнелейтін түрлі жанр мен айрықша жарқын сюжеттер негізінде жасалған фильмдердің эксклюзивті көрсетілімдері болып өтті. Сонымен қатар кеш барысында сақтандыруға қатысты сахнада болып жатқан оқиғаға көрерменнің тікелей қатысуы арқылы тосын театр қойылымдары, фотосессиялар және тағы да басқа көптеген шаралар ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар тұтынушылардың қаржылық сауатын көтеруге және олардың мүдделерін қорғау арқылы қаржылық секторды дамытуға оң ықпалын тигізбек. Сондықтан да жобаны бастама етіп көтергендер бұл игі іс алдағы уақытта да жалғасын табады дейді.

Соңғы жаңалықтар