Алматыда ІІД бастығы есеп берді

АЛМАТЫ. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Алматы қаласының ІІД-нің бастығы Ерлан Тұрғымбаев мәслихат депутаттарының алдында ағымдағы жылдың 8 ай ішіндегі қылмыстық ахуал жайында және атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Алматыда ІІД бастығы есеп берді

Оның айтуынша, Алматы қаласында қылмыс деңгейі басқа қалалармен салыстырғанда өте төменгі деңгейде.

"Барлық қылмыстың бағыттары бойынша қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалады. Соңғы жылдарда қаланың криминагендік жағдайын бақылауға алдық. Соның нәтижесінде, атышулы қылмыстардың беті ашылды. Аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіштері жақсарды. Өткізілген іс-шара барысында іздеуде болған 648 қылмыскердің 192-сі құрықталды. Бұнымен қатар, іздеуде жүрген 263 қылмыскердің 153-і - еліміздің түрлі аймақтарында, 110-ы ТМД елдерінде, 1-і - алыс шетелде ұсталды. Олардың қатарында - тонаушылар, қарақшылар, діни экстремистік ұйымдардың басшылары бар. 8 ай ішінде 820 іздеу тапсырмалары орындалды",-деді Ерлан Тұрғымбаев.