19:48, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алматыда ІІІ қазақстандық әлеуметтік жарнама байқауы өткізілмек
АЛМАТЫ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – «Алматыжарнама» МКМ және Алматы қаласының әкімдігі 3-ші Қазақстандық Әлеуметтік жарнама байқауын өткізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Байқауға жарнама агенттіктері, дизайн-студиялар, жеке авторлар және студенттер қатыса алады. Ол «Менің Қазақстаным», «Шаһар мәселелері», «Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі», «Қарым-қатынастар гармониясы» және «Алматы ? менің сүйікті қалам» номинациялары бойынша өтеді. Әр аталым жеңімпаздарына 100 мың теңгеден сыйақы берілмек. Байқаудың нәтижелерін анықтау және номинациялар бойынша сыйақыларды тапсыру салтанаты 2009 жылдың 15 қыркүйегінде өткізіледі. Жеңімпаздардың жұмыстары қаланың жарнамалық тақталары мен LED-дисплейлерінде жарық көрмек.