09:20, 11 Қаңтар 2012 | GMT +5
Алматыда иіс тиген бір әйел, жас қыз және екі бала ауруханаға жеткізілді - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыда иіс тиген бір әйел мен қыз және 2 бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Сейсенбі, 10 қаңтар күні сағат 09,35-те Алматының Алатау ауданындағы Өжет ауылында жеке тұрғын үйдегі пештің ақаулығынан 1947 жылғы бір әйел, 19 жасар қыз бала және 2003, 2006 жылғы екі балаға иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.
Бұрын хабарланғандай, осы күні Өжет ауылында сағат 03.25-те иіс тиген 4 адам - ер азамат, әйел және екі бала ауруханаға жеткізілген.