Алматыда иіс тиіп 9 адам ауруханаға жеткізілді, оның 5-еуі балалар
АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыда иіс тиіп уланған 9 адам ауруханаға жеткізілді, оның 5-еуі балалар, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Төтенше оқиға Шаңырақ шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде орын алған. «Қатты отынмен жанатын пеш ақауынан шыққан иістен уланған 9 адам ауруханаға жеткізілді, олардың бесеуі 3 пен 5 жас аралығындағы балалар», - делінген баспасөз хабарламасында.