Алматыда иіс тиіп уланған 5 адам ауруханаға жеткізілді, оның ішінде үш бала бар - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыда иіс тиіп уланған 5 адам ауруханаға жеткізілді, оның ішінде үш бала бар,

Алматыда иіс тиіп уланған 5 адам ауруханаға жеткізілді, оның ішінде үш бала  бар - ҚР ТЖМ

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

«Қатты отынмен жылытылатын пештің ақауының нәтижесінде 5 адам көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде 10, 8 және 7 жасар үш бала бар», - делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.

Төтенше оқиға Медеу ауданының «Думан» ықшам ауданындағы жеке меншік тұрғын үйде болды.