Алматыда иіс тиіп уланған азамат ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Алматы қаласының ТҮркісіб ауданында жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Алматыда иіс тиіп уланған азамат ауруханаға жеткізілді

Ведомствоның атап өтуінше, қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Иіс тиіп уланған 48 жастағы азамат ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ  Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 13  маман мен 4 техника тартылды.