Алматыда Ілияс Сүлейменовтың зергерлік көрмесі ашылды
sp;АЛМАТЫ. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматыда суретші-зергер Ілияс Сүлейменовтың «Гауhар симфониясы» атты зергерлік өнер көрмесі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Суретші 1995 жылы Парижде зергерлік «Бижорк» сессиясының 100 жылдығында лауреат дипломы мен 2005 жылы Женевада Халықаралық Карл Фаберже жүлдесі сияқты дүниежүзілік кәсіби жүлделермен марапатталған.
Ол зергерлiк өнерде мыңжылдықтармен қалыптасып келген, ұлттық нақыш ерекшелiгiнде жасалған «Еуразиялық этномодерн» түкпілікті жаңа стилін жасады. Сүлейменовтың коллекциялары өткен жылы Венада Қазақстанды ЕҚЫҰ кеңесіне ұсыну шеңберінде көрсетілген болатын. Еуропалық зиялыларға Қазақстанның қазiргi қол өнерi көрсетіліп, коллекция өзінің ерекшелігімен айқындалған болатын. Шебердің авторлық жұмыстары Ресей, Швейцария, Лихтенштейн мен Франция және тағы басқа елдердің көрмелерін безендіріп тұр.
«Шет елде болған біздің қыз-келіншектер француздарды, немесе немістерді әлемдік брендтермен таң қалдыру мүмкін емес екендігін түсінген сияқты. Адамдар ешкімге ұқсамайтын даралықты сезіну үшін, өзінің ұлттық әшекейлерін киіп жүрсе керемет болар еді», дейді зергер.