Алматыда информатика пәні бойынша мектеп олимпиадалары және ғылыми жобалар жаттықтырушыларына арналған "Microsoft" жазғы мектеп-семинары өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан / -Алматыда Дүниежүзілік «Білімдегі әріптестік» бастамасы аясында информатика пәні бойынша мектеп олимпиадалары және ғылыми жобалар жаттықтырушыларына арналған "Microsoft" жазғы мектеп-семинары өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шара Біліктілікті арттыру институты және Алматы қалалық білім жүйесіне кадрларды дайындау бөлімі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен және "Microsoft Kazakhstan" компаниясының қолдауымен өтуде. Оған облыстық біліктілікті арттыру институттарының, қалалық және аудандық информатика әдістеме кабинеттерінің әдіскерлері қатысуда. Оқыту екі тілде - орыс және қазақ тілінде жүріп жатыр.

Семинарға қатысушылар информатика бойынша олимпиадалар мен ғылыми жобаларды ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық қамсыздандырылуы және оның мазмұнына қойылатын талаптарды, осы саладағы облыстық, республикалық және халықаралық олимпиада тапсырмаларын шешудің әдістемесін, ғылыми жобаларды жазып шығарудың технологиясы мен қолданбалы олимпиада тапсырмаларын құрастырудың әдістемесін қарауда.

«Іс-шараның басты мақсаты - информатика пәні бойынша олимпиадалар мен түрлі ғылыми жобаларға оқушыларды барынша тиімді дайындау мақсатында жаттықтырушыларды оқыту", дейді Майкрософт Қазақстан бас директоры Гюнтер Дам. Оның айтуынша, дәрістер барысында олимпиада және жобалар жөнінде жан-жақты ақпарат беріліп қана қоймай, жаттықтырушылардың оқушылармен арықарайғы жұмысына едәуір көмек беретін барлық мәселелер қаралмақ.

Семинар тамыздың 13-не дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар