Алматыда информатикадан «Демалыс Майкрсофтпен бірге» деп аталатын оқушылар олимпиадасы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда информатикадан «Демалыс Майкрософтпен бірге» деп аталатын оқушылар олимпиадасы өтіп жатыр,

Алматыда информатикадан «Демалыс Майкрсофтпен бірге» деп аталатын оқушылар олимпиадасы өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақпанның 10-ында басталған бұл шара сәуірдің 5-іне дейін созылады. Оны Майкрософт Қазақстан компаниясы Алматы қаласындағы Білім жетілдіру және білім беру саласындағы кадрларды қайта дайындау институты бірігіп ұйымдастырып отыр. Мақсат ? қазіргі заманғы компьютер технологияларын қолдана алатын дарынды балаларды анықтау. Microsoft Office ұсыныстары арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, жеке компьютерлік техниканы оқу мен күнделікті өмірде тиімді қолдануға дағдыландыру. Жаңа телекоммуникациялық технологиялар мен қашықтықтан оқыту құралдарын оқушылар арасында тарату. Оған информатика мұғалімінің жетекшілігімен 7-11 сыныптың құрамында 3-7 оқушы бар кез-келген білім беру мекемесінің командасы қатыса алады. Екі кезеңнен тұратын бұл олипиаданың алғашқы сатысында олар компьютерлік сурет, ақпараттық бюллетень, таныстырым, сайт, фильм аталымдары бойынша жоба жасаудан сайысқа түседі. Ал екінші сатыда таңдап алынған тақырып бойынша жобаларды безендіруден өз бақтарын сынамақ.